Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қаржы министрі Б.Т.Сұлтановтың Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтауы

Құрметті қонақтар!

Құрметті әріптестер!

Сіздерді еліміздің басты мерекесі – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Жиырма жылдан сәл ғана асатын уақыт ішінде мықты мемлекет, жаңа экономика мен жаңа тұтас қоғам құрылды. Қазақстан алдына ауқымды міндеттер қойып отыр, оларды шешу ұзақ мерзімді болашаққа мемлекеттің дамуы үшін негіз болады.

Мемлекет басшысының «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты Жолдауында одан әрі даму жолының нақты бағдарлары анықталған.

Жарияланған Жолдаудың көпқырлылығы Президент идеяларының ауқымдығы мен тереңдігін бағалауға және дүниежүзілік дағдарысты жеңу бойынша таңдаған жолдың дұрыстығына көз жеткізуге мүмкіндік береді.

Бүгінде мен сандарды келтірмей-ақ қояйын, жұмысымыздың алдын ала қорытындылары баршаңызға белгілі. Алдымызда  Мемлекет басшысы қойған міндеттерді орындау бойынша үлкен жұмыс күтіп тұрғанын атап өткім келеді.

Құрметті қонақтар, әріптестер!

Сіздерге және отбасы мүшелеріңізге игілік, зор денсаулық, бақыт, Қазақстан Республикасының гүлденуі үшін жұмыста табыстар тілеймін!

0
0
368

Осы тақырып бойынша