Ғарышкерлер күні
2016 жылдың 12 сәуірінде «Қаһарман жастар орталығы» КММ-сі Шарбақты ауданының кәсіподақ ұжымымен бірлесе отырып, жас мамандарға арналған КТК өткізді.

Дәл осы күні, 12 сәуірдің жұлдызында 55 жыл бұрын әлемдегі тың жаңалықты тудырып, Юрий Гагарин ғарышқа ұшты. Бұл КТК-ға бес команда қатысып, өнер көрсетті. Бірінші орынды өз тапқырлығымен әділ қазылар мүшесін таң қалдырған №1 жалпы орта білім беру мектебінің «Звездная шестерка» командасы иеленді. Ойын нәтижесінде жеңімпаздар мадақтау қағаздарымен және құнды сыйлықтармен марапатталды.

