Арон Атабекке ковид жұқтырған кім?
Қазан айының 1-де Павлодар түрмесінен босатылып, дәрігердің бақылауымен Алматыда жеткізілген Арон Атабек 5 күннен кейін қатерлі вирус жұқтырғаны анықталды. Оны жедел жәрдем көлігі Алматыдағы ковид орталыққа апарған, бірақ ол ауруханада жатпаймын деп үйіне қайтып кетті. Қазір ол қарындасы Разия Нутышеваның үйінде ИВЛ аппаратымен демалып, төсек тартып жатыр. Науқас сұйық тамақ қана ішеді, күтушелер оның ауызына қасықпен ас-су тамызып отыр.
Арон Атабекке ковид жұқтырып, оны осындай қалге жеткізген кім?
Адамға вирус жұққан сәттен бастап санағанда аурудың белгілері бір-екі күннен бастап білінеді, өкпесі қысыла бастайды. Яғни, Аронға вирус Павлодарда емес, ұшақта да емес, Алматыдағы туысының үйіне келген соң жұққан.
Арон Алматыға оралған күні оның жанашырлары құтты болсын айтып үйіне жиналды. Олардың ішінде оппозиция өкілдері де бар. Екі ай бұрын ковидпен ауырып әрең жазылған Жасарал Қуанышәлин, оралмандардың «Атажұрт» ұйымының басшысы Бекзат Мақсұтхан, блогер Ася Асеткина және басқалар Аронды аймалап сүйіп көрісті. Олар суреттерін әлеуметтік желіге жариялаған.
Түрмеде отырып әлсіреп қалған Аронға сәлем берушілердің легі толастаған жоқ. «Аронға бостандық!» деп митинг өткізген демпартия басшысы Жанболат Мамай да Арон жатқан үйге жұрттан жасырын кіріп шықты.
Аронға қатерлі вирус жұқтырған кім екенін анықтау мүмкін емес, абыр-сабырда кімнің жұқпалы вирусты алып келгені белгісіз. Дегенмен, Арон Атабекке ковид осы белсенділердің біреуінен жұққаны анық.
Арон Атабек жұқпалы вируспен ауырып қалған соң оның қарындасы Разия Нутышева науқасқа бөтен адамды жақындатуды тоқтатқан жоқ. «Аронның емделуіне ақша алып келдім, қолын алып денсаулығын сұрап шығайын» деген адамды науқастың туыстары үйге кіргізеді. Қолында ақшасы жоқ адам болса, оны сол мезетте сыпайы түрде «сәлеміңді жеткіземіз» деп есіктің сыртынан шығарып салады. Әрине, Аронның көңілін сұрап, сәлем беріп шығу мәртебесіне ие болған адам маска тағып үйге кіреді. Дегенмен, шүберек маска қатерлі вирустың жұқпауына жүз пайыз кепілдік бермейді. Ковидттің мутацияланған жаңа түрі жұққыш-ақ. Қазір ИВЛмен демалып жатқан Арон Атабек ковидттің құрбаны ғана емес, ол жатқан үй жұқпалы вирустың ошағына айналды. Сақ болайық, ағайын!
