ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Армандар орындалу үшін...

Армандар шын мәнісінде орындалады. Ол өз қолымызда. Тек қана ол анық және нақты болуы қажет. Психологтарда "Мысли материальны" деген ұғым бар. Сонымен, армандар орындалу үшін не істеу керек?

"Бір блокнот немесе дәптер арнап, 100 күн қатарынан арманыңыздың суретін саласыз, оны (арманыңызды) қасына жазып, іштей қайталайсыз. Мәселен, арманыңыз жаңа үй болса, қолыңыздан келгенше армандаған үйіңіздің суретін саласыз, қасына "мен жаңа үй аламын!"деп жазып, іштей сол үйді елестетіп, ойша сол үйдің ішінде жүріңіз. Осылайша 100 күн қатарынан, мейлінше бір уақытта,"-деееееп маған бірнеше психолог айтты. Мен де бастап жазғам, 3-4 күн. Одан кейін мүлдем ұмытып кетіп, бір айдан кейін ғана есіме түсті.))) Бір жағынан үйдегілерден тығылып жазам деп-ақ ұмытқан шығармын, "мынау жынды ма? осыған да сенеді ме..." деп күледі ме деймін ғой.

Сенбейін десем, бірнеше адамды білемін, осы әдіс көмектескен. Әлде бұл өз-өзін сендіру ғана ма? Сонда да тырысып көруге болады ғой? Армандауға болмай ма???))