Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ардагерлерді ардақтайық!

WVTIResndL078mAEbah0a3386vI1R2.jpg2015 жылдың 15 сәуірінде Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай, «20 мейірімді іс» акциясы аясында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша Департаментінің қызметкерлері Ұлы Отан Соғысының ардагері Шмариков Василий Петровичті 99 жасқа толған мерейтойымен құттықтады.

Жаяу әскер сарбазы, Екінші Украиналық фронттың жауынгері, ол Рессей, Батыс Украина, Бессарабия, Румыния, Польша, Германия мемлекеттерінің майдан шебінде соғысқан. Ал жеңісті Чехияда қарсалды. 1946 жылы әскерден босатылып, бейбіт күндері сауда саласында ұзақ уақыт сәтті жұмыс атқарды. Көптеген ордендермен марапатталған.

Департамент басшысы Мақсат Қожабаев құттықтау арнап, өз сөзінде: «Сіздің жауынгерлік ерлігіңізге алғыс білдіреміз. Еліміз бен жеріміз жаудан азат ету жолындағы жанкешті батырлық жасағаныңыз үшін алғыс білдіреміз. Бейбіт өмірге белсене араласып, жас ұрпақты тәрбиелеуде атқарған еңбектеріңіз өлшеусіз. Сізге бақытты да баянды ғұмыр тілеймін»,- деп атап өтті.
Департамент қызметкерлері тарапынан ардагерге қаржылай сыйлық пен азық - түлік қоржыны сыйға тартылып, ардагердің үйінің айналасын абаттандыруға көмек көрсетілді.

Өз кезегінде Василий Петрович пен оның жұбайы ризашылықтары мен алғыстарын білдірді.

0
0
566

Осы тақырып бойынша

Ардагерлерді ардақтайық! - Yvision.kz