Ардагерлер сұрақтары партия алаңында қаралды
Онлайн форматта өткен кездесуді аталған қауымдастықтың төрағасы, әрі партия ардагері Е.Тұрымбетов ашып жүргізіп, облыстық партия филиалы төрағасының орынбасары С.Нұрқадыров, қауымдастық мүшелері қатысып, өз ой пікірлерін білдірді.
Ардагерлер, жалғызбасты қарттардың қазіргі таңдағы мәселелері, жастар әрі еріктілер тарапынан ол азаматтарға қолдау көрсету, ардагерлер үйінің қызметі арқылы партияның қоян-қолтық бірлесе жұмыс атқару сынды сұрақтар қаралып, айтылған ұсыныс ескертпелер негізінде ұсыныстар реті қабылданып, жүзеге асыру бойынша тиісті органдарға сауал да жіберілді.

