Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Арбат 2015» жастар шығармашылық көрмесі»


Жазғы мауысымның 7.06.2015 – 23.08.2015 күндері, орталық алаңда, әр жексенбі күні сағат 17:00-19:00 «Арбат» жастар шығармашылық көрмесі өтеді. Осыған орай, 07.06.2015ж. Орталық алаңның жағалауында (төменгі ярус) «Арбат 2015» жастар шығармашылық көрмесіне арналған концерттік бағдарлама өтті. Ашылу салтанаты сағат 18:00 – 20:00 аралығында, 17 бағыт жұмыс атқарды. «Хэнд-Мэйд», «Аква-грим», «Арт –выставка» (Ремесло), портреттік, Әлеуметтік – волонтерлік орталық «Игры народов мира» шығармашылық шеберханасы, Сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің шығармашылық шеберханасы қолдау орталығы қоғамдық бірлестігі «Магия рук», «Территория танца» шеберханасы, «Паркур», «Скаутинг», «Поэтическая сушка» - поэтикалық клуб « Меркурий», «Жасыл Ел», Боди-ART, «Рыцарские бои», «Северная башня» аудандары, әдеби аудандық – «Кел жастар, Оқылық!» және Жарнамалық тірек ЖҚО, «Интересный Павлодар». Мерекенің соңында көркем шоу ұйымдастырылды. Мұндай шығармашылық мерекелер жастардың өнерге деген құштарлығын, қызығушылығын ашады. Осындай шаралардың белсенді өткізілуіне байланысты біздің де мәдениетіміз дамиды. Жастардың талпынысының, бәсекеге қабілеттілігі, жасаған еңбектерінің арқасында қызығушылық танытылады. Сондықтан да, әр жексенбі сіздерді орталық жағалауға (төменгі ярус) «Арбат 2015» жастар шағармашылық көрмесіне шақырамыз.

0
0
579

Осы тақырып бойынша

«Арбат 2015» жастар шығармашылық көрмесі» - Yvision.kz