Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Аралды құтқару жөніндегі халықаралық қорының орнықты даму жөніндегі мемлекетаралық комиссиясының отырысы туралы

2014 жылдың 3 сәуірінде Душанбе қаласына (Тәжікстан Республикасы) Аралды құтқару жөніндегі халықаралық қорының орнықты даму жөніндегі мемлекетаралық комиссиясының кезекті (ОДМК) отырысы өтті.
Қазақстан, Тәжікстан, Түркменстан және Өзбекстан делегациялары аймақтық ынтымақтастықтың дамуы үшін маңызды бірқатар мәселеледі талқылап, қажетті шешімдер қабылдады.
Отырыс барысында ОДМК жанында қоршаған ортаны қорғау бойынша аймақтық іс-әрекеттер жоспарының басым бағыты – су ресурстарының ластану проблемалары жөніндегі жұмыс тобын құру туралы ұсыныс қарастырылды.
Осы бағыттағы ынтымақтастықты дамыту Орталық Азия елдерінде су сапасы мәселесін шешуде бірлескен іс-шараларды жүргізуге мүмкіндік береді.
Осы орайда БҰҰ ЕЭК бірлесіп, аталған жұмыс тобының ережесі мен техникалық тапсырмасы жобаларын дайындау жөнінде шешім қабылданды.
Отырыс барысында ОДМК шеңберінде «жасыл» экономика салаларындағы ынтымақтастық пен осы бағыттағы өзара әрекеттесу перспективалары жөніндегі ұсыныстар қаралды.
Осы мәселені талқылау барысында қазақстандық тарап ОДМК мүшелерін «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасы бойынша Хартияға қосылу процессі туралы мәлімдеп, оған қатысуға шақырды.
Сондай-ақ, қазақстандық тараптың ұсынысы бойынша, ОДМК порталында ең үздік «жасыл» практикаларды, технологиялар мен ақпараттарды жинақтау және «жасыл» экономика қағидаттарын жылжыту жөніндегі оқыту бағдарламаларын жүзеге асыру бойынша шешім қабылданды.
Отырысқа қатысушылар ЮНЕП-тің ұсыныстарын, соның ішінде қалдықтарды басқару саласындағы ынтымақтастықты құру мәселелерін  талқылады.
2050 жылға дейінгі Қалдықтарды басқару жүйесін жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру аясында қазақстандық тарап ЮНЕП-тің осы саладағы тәжірибесімен танысуға мүдделілігін жеткізді.
ОДМК отырысына қатысу аясында ҚР қоршаған орта және су ресурстары Вице-министрі Ерлан Нысанбаев ЮНЕП Директоры және Аймақтық өкілі Ян Дусикпен кездесті.
Кездесу барысында Алматыда осы ұйымның субаймақтық кеңсесінің ашылу мәселесі талқыланды. Бұл туралы шешім Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының (БҰҰ БА) 68-ші сессиясы барысында қабылданған болатын.
Тараптар БҰҰ БА шешімінің аймақтық ынтымақтастық аясының кеңеюі мен ондағы экологиялық проблемалардың шешілуіне ықпал ететіндігіне сенім білдірді.
Сонымен қатар, Ерлан Нысанбаев пен Ян Дусик Каспий теңізін қорғау жөніндегі Негізгі конвенцияға қатысты бірқатар мәселе, сондай-ақ, таяу уақытта ЮНЕП орындаушы директоры Аким Штайнердің Астанаға келу жоспары талқыланды.
Вице-министр Ерлан Нысанбаев ЮНЕПтің экологиялық технологиялар бойынша халықаралық орталығының директоры Сурендра Шрестпен кездесіп, ынтымақтастықты дамыту мәселелері бойынша пікір алмасты.
ҚР ҚОСРМ баспасөз қызметі

http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2014/04/102-81/

0
0
412

Осы тақырып бойынша