Қарағанды облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жаңа төраға
Қарағанды облыстық сотының төрағасы Мұсабек Әлімбеков Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылдың 24 желтоқсан айындағы № 983 Жарлығымен Қарағанды облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы лауазымына тағайындалған Дәурен Түсіпханұлы Сайхановты ұжымға ресми түрде таныстырды.

