«Аполлон» миссиясы кезінде түсірілген суреттер алғаш рет жоғары сапада жариялануда (ФОТО)
Личнбург колледжінің қызметкері Кипп Тиг америкалық ғарышкерлердің «Аполон» миссиялары кезінде түсірген суреттерін жариялады. Ол бұл суреттерді 15 жыл бойы жинап, бүгінгі күнге дейін жоғары сападағы 8400 өңделмеген түсірілімді Flickr фотохостингіне салып үлгерді. Энтузиаст өзінің суреттер сериясында «Аполлон» атты ғарыштық жобаның барлық алты миссиясын қамтыды.

