Аномальды жылу сақталады 2017 жылғы 21-23 қарашаға арналған ауа-райы болжамы
Аномальды жылу сақталады
2017 жылғы 21-23 қарашаға арналған ауа-райы болжамы
Қазақстанға Месопотамия аудандарынан келген ауа массасы республикада қараша айының соңына дейін аномальды жоғары температураны сақтайды. Демалыс күндері ауа температурасы 4 ... 9 градусқа нормадан жоғары болды, тек оңтүстік аймақта ғана ауа температурасы нормадан 1 ... 2 градус төмен болды.
Алдағы үш тәулікте, антициклонның әсерінен, республиканың көптеген өңірлерінде жауын-шашынсыз болып, ауа температурасы 4 ... 10 градусқа дейін климаттық нормадан жоғары болып сақталады. Тек батыс және солтүстік-батыс облыстарда кей жерлерде жауын-шашын - жаңбыр және дымқыл қар күтілуде.
