Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Анардың пайдасы

Анар- өте тəтті жемістердің бірі. Оның ішінді өте көп дəрумендер жəне минералдар бар. Олар ағзаның жақсы жұмыс істеуіне көмегін тигізеді. Анардың шырынынан 15 аминқышқылы табылған, солардың алтауы анардан басқа тек етте кездеседі. Осы 6 аминқышқылы адамның ағзасына өте қажетті. Егер де сіз ет жемейтін болсаңыз, тек қана өсімдіктер мен сүтті тағамдармен қоректенетін болсаңыз анар арнайы сізге арналған деуге болады жəне ол əрқашан сіздің дастарханыңызда тұруы қажет. Анардың құрамына 4 басты дəруме кіреді: С, Р, В6 жəне В12. Неге олар басты дəрумендер деп сұрасаңыз, себебі С дəрумені иммунитетіңізді нығайтады, Р- қан тамырларын, В6- жүйке жүйесін, ал В12 дəрумені- қанағым жүйесін жақсартады. Сонымен қатар анар жеңіл тамаққа сай келеді. Себебі, оның 100г жұмсақ жерінде- 62-79ккал, ал 100мл шырынында- 42-65ккал бар. Сонымен қатар анар йод, калий, кальций, темір, кремний деген минералдарға бай.

http://www.inflora.ru/diet/diet219.html

0
0
1802

Осы тақырып бойынша

Анардың пайдасы - Yvision.kz