Алтынай Алтайқызы ZOOM платформасы арқылы онлайн кездесу өткізді.
ШЖҚ "Панфилов ОАА" МКК ұйымдастыру әдістемелік жұмысы жөніндегі директорының орынбасары Алтынай Алтайқызы ZOOM платформасы арқылы онлайн кездесу өткізді.
Онлайн форматтағы басқосуда сайлау қорытындысы және алдағы жұмыс жоспарлары талқыланды. Кездесуге Панфилов аудандық орталық ауруханасының еңбек ұжымы қатысып, белсенділік көрсетті. Алтынай Алтайқызы аурухана қызметкерлеріне партияның алдағы уақытта атқаратын жұмыстарын саралап айтып, аудан халқының, оның ішінде медицина қызметкерлерінің талап тілектерін жүзеге асыруға бірлесе атсалысып, жұмыс жасайтындығын жеткізді.
