Алматыда Жоғарғы Соттың электронды сервистерін жылжытуға арналған пилоттық жоба іске қосылды
Бүгін Алматы қалалық сотында «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының электронды сервистерін жылжыту» пилоттық жобасын іске қосу рәсімі болып өтті. Жобаны Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты мен «Kazakhstan Bar Association» коммерциялық заңгерлер алқасы» республикалық қоғамдық бірлестігі бірлесе ұйымдастырды.

