ru
Default banner
Разное
426 297 жазбалар48 тіркелуші
Всяко-разно
0

Алматыда футболдан балалар турнирі өтеді

 

Алматыда ертең 2001, 2002, 2003 жылы туған балалар арасында «Шыңғысханның» кубогы үшін футболдан балалар турнирі өтеді. Бұл туралы турнирді ұйымдастырушылардың бірі Арман Ахмұханов BNews.kz тілшісіне берген сұхбатында хабарлады.

Турнирді «Шыңғысхан» журналы, Дүниежүзілік түркі конгресі мен «Еуразия халықтарының бірлігі» АҚ ұйымдастырды.

Жеңімпаздар кубок және грамотамен марапатталады, сонымен қатар футбол доптары мен Қазақстан тарихы туралы кітаптар алады.

Бұл жыл сайынғы турнир 2011 жылдан бері өткізіліп келеді. «Шыңғысханның» кубогы үшін өтетін биылғы турнирге тек Алматы облысының командалары қатысады.