Алма ӘУБӘКІРОВА: " Жас ұрпақ үшін тарихи тұлғаның тағылымының маңызы зор!"
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Егемен Қазақстан газетінде жарияланған «Тарихи тұлға тағлымы» атты мақаласын оқып, Қазақстанның биік табысына қол жеткізген президенттік билік және осы жылдары оның басында үздіксіз болған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа берген тағлымды бағасымен таныстым.
Мақалада Елбасының көреген саясаты арқасында дүниенің бір бұрышында қазақ деген халықтың үлкен істер тындыра алатын өресі мықты, өрісі кең халық екенін әлем білгендігіне тоқталған. Қазақстанның жаңа дәуірде қол жеткізген барлық табысының қайнар көзі – Тәуелсіздіктің тұғыры биік болу үшін Елбасы ұстанған сындарлы бағыт өз жемісін беруде. Береке-бірліктің арқасында әлем таныған іргелі мемлекетке айналдық. Ғасырлар бойы арман еткен егемендік- қазақтың басына қонған бағы, астына орнаған тағы деуге болады. Қазақ елі талай белестерді бағындырды.
Жылдан-жылға дамып, өркендеп келе жатқан біздей жас мемлекеттің алдағы жетістіктері өте мол деп нық сеніммен айтуға болады. Осы артқа тастаған жылдар ішінде не атқардық деген сауал туса, тізбектеп сөзбен жеткізу мүмкін емес. Бір мемлекетке жетерлік іс тындырылды және жүзеге асырылды. Экономикалық жағдайымыз жақсарып, әл-ауқатымыз артты. Қазақ мектептері мен балабақшалар саны артты. Білім мен денсаулық жағдайына аса мән берілді. өзге елдермен қарым-қатынасымыз жақсарып, саяси және мәдени қатынастар да үдей түсті. Елімізідің барлық саласындағы қызметкерлерге, шет елдің түрлі саладағы мамандарымен тәжірибе алмасуға да жағдай жасалуда. Осының бәрі тәуелсіз елдің мақтанышы деуге болады.
Елбасының жүріп өткен өмір жолы-бүгінгі жастарға сабақ, тарихи тағлым. Сондықтан Елбасының «Біз тәуелсіздікті сәт сайын қорғауымыз керек!» деген қанатты сөзі әр сәтте есімізде болу керек.
Бүгінде Тұңғыш Президенттің бағытын жалғастыруда жүргізіліп жатқан жұмыстар ынтымағы жарасқан ел болуға бағытталған. Сондықтан іргеміздің берік, тәуелсіздігіміздің баянды болуында жас ұрпақ үшін тарихи тұлғаның тағылымының маңызы зор.
Әубәкірова Алма Медетқызы,
Семей қаласының Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназияның директоры, Ы.Алтынсарин атындағы төсбелгі иегері
