«Алдаспан» жас ақындар клубы ашылды
«Алдаспан» жас ақындар клубы ашылды
Бүгін Жастарға қызмет көрсету орталығында «Алдаспан» атты жас ақындар клубы ашылды.
Біздің ғасырымыздың әрбір күні бір-бір жаңалық, күнтізбенің сызылған әр парағы бір-бір тарих болып отыр. Кешегі жаңалық бүгін үшін тарих. Мінеки, бүгінгі күннің жаңалығы Павлодар облыстық жастар саясаты жөніндегі басқарманың жанындағы жастар бастамаларын дамыту орталығының қолдауымен «Алдаспан» жас ақындар клубы ашылды. Салтанатты ашылу рәсімінде сөз алған Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Павлодар облысы бойынша Қазақстан Жазушылар Одағы филиалының төрағасы Арман Қани жас ақындарға сәт-сапар тіледі. Мерекеге С.Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік Университеті мен Павлодар Мемлекеттік Педагогикалық Институтының студенттері қатысты.
Аталмыш іс-шарада жас ақындарымыз шабыттарына шабыт қосып, асыл сөздің құдіреттілігімен келген қонақтарға өздерінің шығармаларынан үзінді оқып, суырып салма ақындықтарын көрсетіп, тамаша бір айтыс өнерін көрсетті. Поэзияға жаны жақын жастардың басын біріктіріп, рухани шараларды өткізу мақсатында ашылған клуб алдағы уақытта республикалық ақындар айтысы мен жыр мүшайраларын өткізбек.
https://vk.com/album247480352_220550000
