Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Алғашқы кезекте – жемқорлықтың алдын алу

А.ж. 29 тамызында Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ақмола облыстық аумақтық инспекциясында Облыстық инспекция және қалалық, аудандық, аумақтық инспекциялардың мамандарымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»  Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын түсіндіру тақырыбында  кездесу өтті.

Кездесуге облыстық инспекцияның жән бағынысты ұйымдардың мемлекеттік және азаматтық қызметшілері қатысты.

Кездесу  барысында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның практикалық қолданысы және ҚР 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыру, сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті жүргізудің және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдаудың негізгі бағыттары  талқыланды.

Сонымен қатар, тыңдаушыларға «Сыйлықтарға тыйым салу», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшісі қандай болуы керек» тақырыптары бойынша  бейнероликтер көрсетілді.

Кездесу сындарлы сұхбат-әңгіме түрінде өтті, қатысушылар жұртшылық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және «мүлдем төзбеушілікті» қалыптастыруға бағытталған  іс-шаралардың маңыздылығын атап өтті.

Кездесуге 40-тан  астам адам қатысты.

     
0
0
321

Осы тақырып бойынша

Алғашқы кезекте – жемқорлықтың алдын алу - Yvision.kz