«Адал жол» Степногорскіде!
А.ж. 21 тамыз күні Степногорск қ. жастар ресурстық орталығының және «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанаты белсенділері Ерейментау ауданынан «Адал жол – Честный путь» жемқорлыққа қарсы марафоны эстафетасын қабылдап алды. Салтанатты шара Сілеті өзенінің бойындағы тас жолында өтті.
Жемқорлыққа қарсы марафон Көкшетау қаласынан бастау алып, қазіргі уақытта бірқатар жемқорлыққа қарсы іс-шаралар өтті. Степногорскте марафон аясында кездесулер, талқылаулар, семинарлар, флеш-мобтар және жастар үшін дәрістер өткізілетін болады. Жобаның басты мақсаты – жемқорлыққа қарсы сауаттылықты, мәдениетті қалыптастыруға қоғамның барлық санаттарын тарту, мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру және тұрғындар сенімін арттыру, жастарға рухани және жоғары моральды-этикалық құндылықтарды қондыру.
Степногорск қ. және Ақмола облысында аталған жоба жыл сайын өткізіліп, жақсы ойластырылған іс-шаралар арқасында жастар арасында жарқын әсер қалдыруда. Облыстық деңгейде жобаның бастаушысы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы Департаменті және Ақмола облысының әкімдігі болып табылады. Барлық іс-шаралардың аяқталуынан соң марафон эстафетасы Шортанды ауданына табысталатын болады.
