«Адал жол – Честный путь» жемқорлыққа қарсы марафоны Еңбекшілдер ауданында
2017 жылғы 9 қазанда «Адал жол – Честный путь» жемқорлыққа қарсы марафоны эстафетасы Бұланды ауданынан Еңбекшілдер ауданы өкілдеріне салтанатты түрде табыс етілді.
Жемқорлыққа қарсы «Адал жол – Честный путь» марафоны Еңбекшілдер ауданында а.ж. 10 – 22 қазан аралығында өтеді. Марафон өту күндері аясында тұрғындар арасында жемқорлыққа қарсы мәдениетті, жемқорлық көріністеріне деген төзбеушілікті және азаматтық жауапкершілікті тәрбиелеуге бағытталған білім беру, ғылыми, спорттық және мәдени-бұқаралық іс-шаралар кешенін қамтитың аудандық іс-шаралар жоспары бекітілді.
