«АДАЛ ЖОЛ – ЧЕСТНЫЙ ПУТЬ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы облыстық марафоны щеңберінде волейболдан турнир өтті
«АДАЛ ЖОЛ – ЧЕСТНЫЙ ПУТЬ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы облыстық марафоны аясында 2015 жылдың 23 маусымында Сандықтау а. жалпы орта білім беру мекемелерінің оқушылары арасында волейболдан жарыс өткізілді.
Жарыс басталардың алдында қатысушыларға арнап ауданның дене тәрбиесі және спорт бөлімінің басшысы Н.А. Дерягина сөз сөйледі. Өз сөзінде ол сыбайлас жемқорлық көріністеріне «мүлдем төзбеушілік» атмосферасын қалыптастыруға бағытталған жұмыстың маңыздылығын атап өтті.
Өткізілген іс-шараның негізгі мақсаты қоғамда салауатты өмір салты мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы құндылықтарды насихаттау болды.
Сайыстың қорытындысы бойынша I орынды Сандықтау орта мектебінің түлектері иеленіп, II орынды Сандықтау № 3 балалар мектебінің оқушылары, III орынды Сандықтау орта мектебінің оқушылары иеленді. Жарыс жүлдегерлеріне грамоталар мен естелік сыйлықтар табысталды.

