Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Адал жол – Честный путь» марафоны облыс өңірлерінде жалғасуда

А.ж. 18  шілдеде Ерейментау және Аршалы аудандарының шекарасында

ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің бастамашылығымен дәстүрлі іс-шараға айналған облыстық  «Адал жол – Честный путь» марафонын салтанатты түрде Аршалы ауданына табыс ету рәсімі өтті.

Іс-шараға Аршалы ауданы әкімінің орынбасары М.Маусынбаева, Ерейментау ауданы әкімі аппараты басшысының м.а. А. Қызкенова, аудандардың ішкі саясат бөлімдерінің басшылары, жастар қатысты.

Эстафета аясында символикалық баннер мен «Адал жол – Честный путь» кітабы қабылданды. Бұл акцияға «Жас Отан» жастар қанатының белсенділері қатысты.  Аталған марафонның аясында 28 шілдеге дейін ауданда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытындағы бірқатар іс-шара өткізілетін болады, содан кейін  «Адал жол – Честный путь» эстафетасы Целиноград ауданына тапсырылатын болады.

Іс-шараның соңында Аршалы ауданы әкімінің орынбасары велошеруге жол ашты.

       

0
0
468

Осы тақырып бойынша

«Адал жол – Честный путь» марафоны облыс өңірлерінде жалғасуда - Yvision.kz