Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Адал жол – Честный путь» эстафетасын Егіндікөл ауданына тапсыру рәсімі өтті

Жарқайың аудандық «Нұр Отан» партиясының филиалында «Адал жол – Честный путь»  марафонын Егіндікөл ауданына тапсыру салтанаты өтті. Салтанатты шарада Жарқайың ауданы әкімінің орынбасары А.К.Әлжанов, Егіндікөл ауданы әкімінің  орынбасары К.К. Касенов, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ж.Т. Мыңбаев, мемлекеттіәк органдар басшылары, ҮЕҰ және БАҚ өкілдері қатысты.

Марафон нәтижелері туралы ақпаратпен ішкі саясат бөлімінің басшысы Қ.С. Белгібаева баяндама жасады.

21 мамыр-2 маусым аралығында мегажоба Жарқайың ауданында болып, онкүндікте 20 іс-шараны қамтыды. Соның ішінде, еңбек ұжымдарымен жемқорлыққа қарсы саясатты түсіндіру бойынша кездесулер, «дөңгелек үстелдер»,  жастар флеш-мобтары, кездесулер, құқық сабақтары,  спорттық жарыстар және т.б.

Аталған шаралар барысында мемлекеттік қызметшілер,  білім беру және мектепке дейінгі тәрбие саласы мамандары, мектеп оқушылары, жастар және басқа да  кәсіби мамандықтар өкілдерін қамтуға аса көңіл бөлінді.

Салтанатты шара соңында марафон қатысушылары сыбайлас жемқорлықпен күрес саласындағы мемлекеттік саясатқа бірауыздан қолдау көрсетіп, «Адал жол – Честный путь» марафонын Егіндікөл ауданы өкілдеріне табыс етті.

Департамент госслужбы

0
0
471

Осы тақырып бойынша

«Адал жол – Честный путь» эстафетасын Егіндікөл ауданына тапсыру рәсімі өтті - Yvision.kz