«Адал ұрпақ — мәңгілік ел болашағы!»
А.ж. 14 қарашада М. Жұмабаев атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында «Адал ұрпақ - мәңгілік ел болашағы!» тақырыбында диалог алаңы өткізілді.
Іс-шараның мақсаты: өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштікті, белсенді азаматтық ұстанымда қалыптастыру, отанға адал қызмет ету жолымен жемқорлықтың алдын алу, пікір алмасуға жағдай туғызу.
Шараға Департаменттің қызметкері С. Беккажанова қатысып, мектеп оқушылары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру тақырыбына тоқталды.Сонымен қатар, диалог алаңына оқушылар, білім саласының қызметкерлері, қоғам қайраткерлері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, мемлекеттік қызметшілер, БАҚ өкілдері қатысты.
