«Адал Ұрпақ» Форумы
А.ж. 3 ақпанда Департамент Рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеу контекстінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті мектеп ортасында қалыптастыру бағдарламасында белгіленген іс-шараларды орындау аясында Көкшетау қаласы әкімдігінің «М.Ғабдуллин атындағы №3 көптілде оқытатын кәсіби мектеп-гимназиясы» МКМ-де Көкшетау қ. орта мектеп директорларының және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының қатысуымен «Адал Ұрпақ» клубтарының жұмысы бойынша форум өткізді.
Форум өткізудің негізгі мақсаты «Адал Ұрпақ» клубтарының жұмысы бойынша ұстаздық ұжымдармен өзара әрекеттестікті қамтамасыз етуге және тәжірибе алмасуға бағытталған.
Форумның жұмысына Департаменттің басшысы Б. Беспалинов, Көкшетау қ. әкімінің орынбасары А. Әміренова, Көкшетау қ. Жалпы білім беретін орта мектептерінің директорлары мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, №3 ЖББМ «Адал Ұрпақ» клубының мүшелері, сонымен қатар, Департамент қызметкерлері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
