Абай әлемі курсынын не күтемін?
Рухани азғындыққа ұшырап, көп нәрсеге немқұрайлықпен қарап жүргеніме бірталай уақыт болды. Жүрегімді қалай зең (плесень) басып кеткененін өзім де байқамай қалдым.
Абай әлемі курсына барғаннан кейін тез-ақ ерекше мұғалімге тап болғанымды түсіндім және осы курстың маған қатты көмектесе алатынын ұқтым. Тек ақпарат алу үшін пайдалы емес, тағы ішкі дүниемде бірталай сезімдер тудырып өзіме, жаныма пайдалы болады деп ойлаймын.
Осы курс арқылы менің өз басым Абай атамыздың ақыл - өнегесін екі жолда қолданбақ ойым бар. Біріншіден, соңғы кезде сабақ оқуға деген талпынысым азайып кеткен еді, ал Абай болса әрдайым адамзатты білім - ғылымға шақырған, сол Абай өсиеттерін өзімнің оқуға деген мотивациямды көтеруге қолданғым келеді. Екіншіден, Абай рухани азғындықты жек көріп, адамгершілікке, мейірімділікке, әділеттілікке шақырған. Сол себепті Абайды оқу арқылы жан дүниемізге, адамдық қасиеттерімізге көңіл бөліп жақсы адам болуға деген құлшынысымызды тудыра аламыз. Заман қанша өзгерсе де адами құндылықтар ешқашан ескірмейді. Қандай жағдай болмаса да, қандай уақыт болмаса да, ғылым дамып, билік өзгерсе де әділетті, мейірімді, жанашыр адам болу және жүректің кеңдігінің құндылығы өте жоғары болып келеді және адамдар соған талпыну керек. Абайдың шығармалары бізді осыған шақырып, өзімді тәрбиелеуге үлкен үлесін қоса алады.
Алда Абай шығармаларын оқып өз түйгендерімді осында жазып отырмақ ойым бар.
