Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Ақжайықтан» Қазақстан ұлттық құрамасына қос ойыншы алынып отыр

Допты хоккей
Допты хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасына Оралдың «Ақжайығынан» қос бірдей ойыншы алынып отыр.

Команданың бас бапкері Дмитрий Иванниковтің айтуынша, «Ақжайықтың» капитаны Ескендір Нұғманов пен Петр Грибанов биыл Иркутск қаласында 26 қаңтар — 2 ақпан аралығында өтетін әлем біріншілігінде ел намысын қорғамақ. Онда Қазақстан ұлттық құрамасы (бас бапкері Алексей Никишов) Ресей, Швеция, Финляндия, Норвегия сынды командалармен күш сынасады.
«Ақжайық» ойыншыларының әлем чемпионатына қатысуына байланысты кездесулер кестесіне өзгерістер енгізілді. Воткинскінің «Знамя-Удмуртия» командасымен ойын 24 қаңтардан 23-іне ауыстырылды. Ал Орынбордың «Локомотивімен» өтетін матчтар 1-2 ақпаннан 8-9 ақпанға шегерілді.
Қазіргі кезде «Ақжайық» жоғары лига командалары арасында Ресей чемпионатының екінші тобында 30 ұпаймен екінші орында келеді. Бұл топтан алғашқы үш орынды еншілеген командалар финалдық сайыстарға қатысады.

ОРАЛ.  ҚазАқпарат - Автор: Елжан Ералы
 
0
0
206

Осы тақырып бойынша

«Ақжайықтан» Қазақстан ұлттық құрамасына қос ойыншы алынып отыр - Yvision.kz