Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Ағжан» сауда орталығында кездесу өтті

Қызылорда қаласының орталығында орналасқан «Ағжан» сауда орталығында қала тұрғындарымен кездесу өтті. Кездесуде облыстық мәслихат депуттатығына үміткер Сақтағанов Қанағат Жанайбекұлы және қалалық мәслихат депуттатығына үміткерлер Абизов Дильмухаммед Мнуарбекұлы, Ысқақова Раушан Жәдігерқызы «Nur Otan» партиясының атынан үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Әрбір сайлаушының жеке пікірі мен партияға деген көзқарасын тыңдады.

Осы орайда Абизов Дильмухаммед Мнуарбекұлы қазіргі таңда маңызды саяси науқанның алдында тұрғанымызды жеткізе келе, әрбір үміткер елеулі мәселенің шешім табуына атсалысып жүрген азаматтар екендігін айтты.

Өз кезегінде аталмыш сауда орталығының саудагерлері 20 жылдан астам тарихы бар партияның ерекше қажеттілігі бар азаматтарды назардан тыс қалдырмай, қоғаммен етене араласуына барынша жағдай жасап жатқанына ризашылықтарын білдірді.

0
0
219

Осы тақырып бойынша