Ағымдағы жылдың 8-ші қарашасы күні
«Дойбыдан» жастар арасындағы аудан біріншілігі өткізілді. Сайысқа ойынға деген қызығушылығы бар ойыншы қатысып, бақ сынасты. Жарыс соңында қатысушылар ұлттық ойынымызды ұлықтап, жарысты ұйымдастырған аудандық спорт бөліміне өз алғыстарын білдірді. Жастарды спортқа баулу мақсатында ұйымдастырылған осындай жарыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.
