ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Ақтауда үш науқастың жүрегіне күрделі ота жасалды.

Ота (операция) екі ер және бір әйел адамға жасалды. Олар 57, 64 және 79 жаста. Осылайша "Sofiе Medgroup"медициналық орталықтың қызмет көрсету аумағы кеңейе түсті.

Жоғары санатты дәрігер-кардиохирург, медицина ғылымдарының кандидаты, "Sofi Medgroup" медициналық клиникасының кардиохирургия және интервенциялық хирургия бөлімшесінің меңгерушісі Ағзам Алдешевтың айтуынша, мұндай кардиохирургиялық күрделі оталар бүгінде Ақтау қаласында қолжетімді, себебі тегін медцициналық көмектің кепілдендірілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында жасалды.

«Қазір науқастардың жағдайы едәуір жақсы. Оларға сапалы медициналық көмек көрсете алдық. Айта кету керек, бұл ұжымдық жұмыс және өз жемісін беріп отыр. Әрине мұндай медицинада диагноздар жиі кездесіп тұрады. Бұл өте қымбат ота саналады және оның шығыны мемлекет тарапынан өтеледі. Әрбір науқастың өмірін аман алып қалу үшін дәрігер ештеңеден аянып қалмайды, бұл еңбектің жемісі және мұндай оталарды біздер күнде, тіпті кейде бір күнде бірнешеуін қатарынан жасаймыз», - дейді ол.

Жаңаөзен қаласының тұрғыны Қама Ахметованың ақ халаттыларға алғысы шексіз. Дәрігерлер оған күрделі ота жасап, ажал аузынан аман алды. Өзін жайсыз сезінген ол, көп ұзамай білікті дәрігердің кеңесіне жүгінеді. Алғашқы анализдері дайын болған соң, оған шұғыл түрде ота жасау қажеттігі туралы кеңес берілді. Ұзақ ойлануға уақыт жоқ деген науқас, 13 наурыз күні ота жасатуға келісім берді. Оған уақытша кардиостимулятор қойылған.

«Туыстарым елордаға баруға кеңес берді. Алайда мен келісім бермедім, ақтауда ем-дом қабылдауды жөн санадым. Ота жасатуға бірден келісім бердім, себебі уақыт жоғалтпай шұғыл әрекет еткенім дұрыс болар деп шештім. Өзімізде де білікті дәрігерлердің бар екені сөзсіз. Оған көзім жетті және ота жасатқаныма өкінбеймін. Қазір өзімді жақсы сезінемін, жүректің соғуы қалыпты жағдайда. Ағзам Алдешев, Ербол Құдабаева, Қайрат Орынбайұлы және Еділхан Саматұлына айтарым алғысым шексіз. Олар менің өмірімді алып қалу үшін аянып қалмады», - дейді ол.

Айта кету керек, кардиохирургтер бір айда жоғары технологиялық медициналық көмек санатына жататын 10 ота жасады. Жүрек қақпақшасын сақтап қалу үшін жаңа тәсілмен ота жасау үшін «Sofie Medgroup» медициналық орталығына заманауи жабдықтар орнатылған. Дәрігерлер барлық науқастарға сапалы қызмет көрсете алады. Бұрын тұрғындар республикалық орталықтарға санавиациямен жеткізілетін.

Қазір шетел асып, немесе Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларына барудың қажеттілігі шамалы. Кадр мәселесі де оңтайлы шешімін тапқан. Сонымен қатар, алдағы уақытта Маңғыстау өңірінде денсаулық сақтау саласын жақсарту және жергілікті дәрігерлердің біліктілігін арттыру мақсатында Ұлттық ғылыми орталық мамандары тәжірибемен бөлісіп отырады және шет мемлекеттерге бару жағы да қарастырылған.