Мазмұнға өту
Обложка сообщества Qogam

Ақтөбе облысына алматылық құтқарушылар шұғыл түрде ұшақпен жеткізілді

Бүгін Ақтөбе облысына Алматы қаласының Республикалық жедел құтқару жасағы құтқарушыларның қосымша тобы ұшып жетті.

undefined

Жеке құрам су тасқыны салдарын жою үшін жіберілген.

Құтқару міндеттерін орындау мақсатында РЖҚЖ қызметкерлері өздерімен бірге резеңкелі және моторлы қайықтарды, альпинистік жабдықтарды, сондай-ақ тіршілікті қамтамасыз ету құралдарын ала барды.

Кеше Ақтөбе облысындағы Әйтеке би ауданында бөгет жарылып, Ырғыз өзеніне мол су құйылған еді.

Төтенше жағдай министрлігінің мамандары Талдысай және Жүргенов ауылдарының тұрғындарын қауіпсіз жерге шығарып жатыр.

0
0
272

Осы тақырып бойынша