Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ақтөбе облыстық «Руханият» музейі мемлекеттік мекемесі

2010 жылы облыс әкімі Е.Н.Сағындықовтың қолдауымен Ақтөбе облыстық «Руханият» музейі ашылған болатын. Музей ұлтаралық рухани және мәдени орталық болып табылады. «Руханият» музейі Ақтөбе қаласының орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде орналысқан. «Руханият» музейі «Нұр Ғасыр» мешітінің 800 кв метрін алып жатыр.

Ақтөбе облыстық «Руханият» музейінің негізгі қызметі: Ғылыми ағартушылық, ғылыми-зерттеу, білім қызметтерінің іске асырылуы және діндер тарихының музей заттары мен музей коллекцияларын табу, жинақтау және осы діндердің алғашқы қайнар көздері арқылы яғни діни ғұрыптар мен діни адамдардың кітаптары мен заттарын зерттеу және көпшілікке жариялау болып табылады.  

Әлемдік және дәстүрлі діндердің татулығы мен келісімін қолдау, облыс тұрғындары барлық топтарының мәдени және рухани дамуын жоғарылату Кәсіпорын қызметінің мақсаты болып табылады.

Қазіргі уақытта музейде бес адам қызмет етеді.  Б.Атраубаев – музей директоры, Д.Ахметов – ғылыми қызметкер, Д.Кушкимбаева – қор сақтаушы, М.Тоқтабаева – бас есепші, А.Иманғалиева – әдіскер. Қазіргі уақытта «Руханият» музейі, музейдің жобасы бойынша ақпарат жинаумен айналысуда.

Музей келушілерге ақпарат: Жұмыс уақыты:    9:00 – 18:00   Үзіліс: 13:00-14:00

Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қ., Әбілқайыр хан даңғылы 92 үй, орталық «Нұр Ғасыр» мешіті.  Автобус аялдамасы: «Нұр Ғасыр» мешітінің аялдамасы

Көрмелер:   Ағымдағы көрмелер. Уақытша көрмелер. Көшпелі көрмелер. Галерея: фото

Экскурсия: 1. Музей бойынша жалпы экскурсия 2. Музей бойынша тақырыптық экскурсия

Оқиғалар Соңғы жаңалықтар Күнтізбе бойынша естелік күндер Конференциялар мен семинарлар Біздің басылымдар

Байланыс телефондар: Тел\факс: 8 (7132) 77-43-39   8 (7132) 90-58-81

E-mail: [email protected]

0
0
3518

Осы тақырып бойынша

Ақтөбе облыстық «Руханият» музейі мемлекеттік мекемесі - Yvision.kz