Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ақмола облысының туризм басқармасында ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыру жөніндегі семинар өтті

А.ж. 6 қыркүйегінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Ақмола облысы бойынша департаментінің қызметкері Қ. Уажанов Ақмола облысы туризм басқармасының ұжымымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында департаменттің өкілі  Қазақстан Республикасының

2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының, «ҚР Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңдарының негізгі бағыттары мен түйінді  тұстарын түсіндірді.

Кездесу барысында ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының мемлекеттік қызметшілердің өз кірістерін ғана емес, сонымен қатар шығыстарын да  декларациялағуға қатысты    тармақтары, мемлекеттік қызметтердің  жүйелі түрде  электрондық форматқа көшуі, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жүйесінің жаңғыртылуы және тағы басқа мәселелер талқыланды.

Кездесудің екінші бөлімінде баяндамашы кездесуге қатысушыларды департаменттің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жүргізіп отырған жұмысымен, соның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауын жасау тәртібімен  таныстырды,

Кездесудің соңында Басқарманың қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы қолдануға қатысты қойылған сұрақтарына жан-жақты  жауап берілді.

Департамент госслужбы

0
0
715

Осы тақырып бойынша

Ақмола облысының туризм басқармасында ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыру жөніндегі семинар өтті - Yvision.kz