Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасында мемлекеттік қызметшілердің аттестациясы жайлы

Ағымдағы жылдың 26 қаңтарында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен Мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы Қ.Амановтың қатысуымен Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының мемлекеттік қызметшілеріне арнап 2017 жылдың 1 жартыжылдығына жоспарланған «Б» корпусы мемлекеттік қызметшілерінің кешенді аттестациясын өткізу тәртібін түсіндіру бойынша семинар ұйымдастырылды.

Жиналған қауым аттестацияны өткізу кезеңдері, лауазымдардың санатына байланысты аттестаттау комиссияларының деңгейлері туралы ақпараттандырылды. Аттестаттау комиссиялары жұмысының объективтігін, айқындығын қамтамасыз етуге ерекше мән берілді. Семинар барысында қойылған сұрақтардың барлығына жан-жақты жауап берілді. Іс-шара 17 мемлекеттік қызметшіні қамтыды.

Департамент госслужбы

0
0
638

Осы тақырып бойынша

Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасында мемлекеттік қызметшілердің аттестациясы жайлы - Yvision.kz