Мазмұнға өту

Ақмола облысында ұрылар компанияның сейфін көтеріп алып кеткен

Ақмола облысының тұрғыны полицейлерге қолма-қол ақшаны сейфімен көтеріп алып кеткендерді ұстағаны үшін алғыс білдірді.

Компания басшысының Ақмола облысы ПД басшылығына жазған алғыс хатында тәртіп сақшыларының жылдам әрекеті мен шебер басшылығының арқасында ұрылардың сол күні қолға түскені және мүлкінің қайтарылғаны туралы айтылған.

Қылмыс 19 маусымға қараған түні болған. Бетперде киген үш белгісіз адам кәсіпорынның бухгалтерлер отыратын кабинетінің есігін бұзып,  металл сейфті алып кеткен.

Жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер үш күдіктіні анықтады. Олардың қылмысқа қатысы тексеріліп жатыр.

Қарақшылар сейфте бірнеше миллион теңге қолма-қол ақша бар деп үміттенген. Алайда, кәсіпкердің айтуы бойынша, бұл күндері мәмілелер қолма-қол ақшасыз жүргізіліпті. Ал сейфте шамамен 500 мың теңге болған.

Polisia.kz

0
0
188

Осы тақырып бойынша