ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Ақмола облысында мемлекеттік қызметшілердің аттестациясы жалғастырылуда

А.ж. 28 наурызында Ақмола облысының өңірлік коммуникациялар қызметінің конференц-залында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Б.Беспалиновтың қатысуымен брифинг өтті.

Б.Беспалинов аймақтағы «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілері кешенді аттестациясының өту барысы туралы баяндады. Б.Беспалинов Ақмола облысында аттестаттауға 4 мыңға жуық мемлекеттік қызметші жататынын, қазіргі уақытта аттестаттаудың  ІІ кезеңі – мемлекеттік қызметшілердің жеке құзыреттерін бағалау бойынша тестілеудің аяқталу сатысына жеткенін айтты. Сонымен қатар, а.ж. 1 наурызында аймақта аттестаттау комиссияларының аттестатталушылармен әңгімелесуді өткізу жұмысы басталғанын атап өтті.

Департамент госслужбы