Ақмола облысында мемлекеттік қызмет саласы заңдарын түсіндіру жұмыстары жалғасуда

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызмет басқармасының қызметкері Ж.Жақыповпен 13 сәуір 2016 жылы Агроөнеркәсіптік кешендегі Ақмола облыстық аумақтық инспекциясының ұжымымен кезедесу өткізілді.
Кездесу барысында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» ҚР Заңының, заңға тәуелді актілердің және Этикалық кодекстің талаптары түсіндірілді, қойылған сұрақтарға жауап берілді.
Шараға 30 адам қатысты.
