ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Ақмола облысында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

А.ж. 30 наурызында А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті қызметкерлерінің қатысуымен (бұдан әрі – Департамент) бос орындар жәрмеңкесі өтті.

Іс-шараның басты мақсаты – талантты жастарды мемлекеттік қызметке тарту. Бос орындар жәрмеңкесіне қатысу үшін Департаментпен  облыстың 26 мемлекеттік органының персоналды басқару өкілдері тартылды.

Іс-шараның пленарлық бөлімі барысында ЖОО-ның түлектерінің алдында Департамент басшысының орынбасары Ерлаз Жайықбаев сөз сөйлеп, реформа жағдайында мемлекеттік қызметтің тәртібі туралы айтып өтті. Сонымен қатар, персоналды басқару қызметтерінің өкілдерімен: «Жұмысқа қайда бару керек?» тақырыбында сұхбат алаңы ұйымдастырылды.

Іс-шараның аяғында түлектер мемлекеттік қызметте жетістіктерге жеткен өткен жылдардың түлектерімен кездесді.
Департамент госслужбы