ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

АӨК субьектілерін мемлекеттік қолдаудың барлық түрлерінің бірегей картасы

2015 жылы АӨК  субьектілерін мемлекеттік қолдаудың барлық түрлерінің бірегей картасы
НесиелендіруӨндірісті субсидиялауКредиттер бойынша % ставкалары субсидиялауКепілдендіру және сақтандыруСервистік қолдау көрсету
Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін 2013-2020 жылдары дамытудың "Агробизнес 2020" бағдарламасы
"Қазагро" ҰБХ тарапынан несиелендіру:
"Аграрлық несие корпорациясы" АҚ
Өндірісті дамытуды несиелендіру (мал сатып алу, жабдықтарды сатып алу, айналымдағы қаражат, құрылыс, а/ш өнімдерін қайта өңдеу).
Сыйақы ставкасы, теңгеде жылдық 6-14% , 10 жыл мерзімге дейін, 1 миллион теңгеден бастап . 
"Аграрлық несие корпорациясы"Несиелендіру шарттары "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ Директорлар кеңесінің 2014 жылдың 25 қарашасындағы №38 шешімімен бекітілген.
"Аграрлық несие корпорациясы АҚ" облыстық филиалдары мен несие серіктестіктерінен толықтай мәлімет алуға болады.  
"ҚазАгроҚаржы" АҚ
ҚМЖ, жабдықтар мен техникасының инвестициялық жобалары -12 жылға дейін, жылдық пайызы 6%, қоса қаржыландыру 15% пайыздан бастап.
Техника мен жабдықтардың кредиттері мен лизингі: 5 жылдан 10 жылға дейін, жылдық пайызы 12,8% (5,8 және 2,8 % субсидиялауды есепке ала отырып).
Қаржыландыру тәртібі "ҚазАгроҚаржы" АҚ Директорлар кеңесінің 2012 жылдың 11 маусымындағы №9 шешімімен бекітілген. 
"ҚазАгроҚаржы" АҚ облыстық филиалдарынан толықтай мәлімет алуға болады. 
"Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ.
Өз ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге берілетін несиелер  ("Жұмыспен қамту 2020" бағдарламасы бойынша"),  4,5 жылға дейін,  жылдық пайызы 6%, 3 млн.  теңгеге дейін.
Өз ісін ұйымдастыру және кеңейту, негізгі және  айналымдағы қаражатты сатып алу, ауылдағы а/ш емес және а/ш бизнес түрлерін несиелендіру, дамыту, шағын жылыжайлар, сүт-тауарлы фермаларды құру және кеңейту; 6-14%;  60 млн. теңгеге дейін;  7 жылға дейін.Басқа бағдарламалар бойынша (несиелендіру бағдарламасына қарай):
Несиелендіру тәртібі "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ Директорлар кеңесінің 2015 жылдың 10 ақпанындағы №4 шешімімен бекітілген.  
"Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ облыстық филиалдарынан толықтай мәлімет алуға болады.
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау:
- асыл тұқымдыІҚМ және қойлардың аналық мал басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарды жүргізу; 
-  асыл тұқымды және селекциялық ірі қара малды сатып алу;
-  асыл тұқымды зауыттардан және шаруашылықтардан асыл тұқымды қой, жылқы, шошқа, түйе, марал (бұғыларды), отандық және шетелдік асыл тұқымды репродукторлардан асыл тұқымды тәуліктік балапан мен ата-енелік/ата-тектік нысанды құстардың етті және жұмыртқа бағытындағы асыл тұқымды инкубациялық жұмыртқасын сатып алу;
- етті, сүтті және қос бағыттағы асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды күтіп-бағу;
-  ЖҚШ ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды өтеу. 
мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыруға субсидиялар:
- бордақылау алаңдарына бұқашықтарды өткізу;
- мал азығының құнын арзандату (сиыр етiн, жылқы етiн, қой етiн, түйе етін, шошқа етiн, құс етi және күрке тауық етiн, жұмыртқалағыш кроссты тауық жұмыртқасын, сүт, қымыз, шұбат, биязы жүнді қойлардың жүнiн өндiру құнын арзандату).
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 3-1/600 бұйрығы.
Өсімдік шаруашылығын дамыту үшін берілетін субсидиялар:
-  тұқымдардың (бірінші көбейтілген) құнын  50 %  дейін және 30 %  дейін (бірінші ұрпақ будандарының) құнын арзандату.
"Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 4-2/664 бұйрығы.
-  гербицидтердің құнын (50 % дейін)  және биоагенттердің (энтомофагтардың), биопрепараттардың құнын (40 %)  дейін арзандату үшін берілетін субсидиялар.
"Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауылшаруашылық дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 573 қаулысы.  
-отандық  тыңайтқыштардың құнын (50% дейін)  және шетелдік тыңайтқыштардың құнын  (30% дейін) арзандату субсидиялары ; Тыңайтқыштардың  құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 574 қаулысы.
-КЕЖ жүргізу үшін қажетті ТМҚ мен ЖЖМ құнын арзандату (40 % дейін) үшін берілетін субсидиялар  "Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауылшаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" ҚР АШМ Министрінің 2015 жылдың 27 ақпанындағы №4-3/177 бұйрығы.
Күшін жойған
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 575 қаулысы.
- субсидии на полное возмещение затрат на экспертизу качества хлопка-сырца и хлопка-волокна
Постановление Правительства Республики Казахстан от 23 июня 2014 года № 696 "Об утверждении Правил субсидирования стоимости затрат на экспертизу качества хлопка-сырца и хлопка-волокна".
- субсидии на удешевление стоимости поливной воды от 20% до 90%
ППРК от 4 апреля 2006 года № 237 "Об утверждении Правил субсидирования стоимости услуг по подаче воды сельскохозяйственным товаропроизводителям".
- удешевление до 40 % затрат на закладку и выращивание многолетних насаждений плодово-ягодных культур и винограда и стоимости элитных саженцев
Приказ и. о. МСХ РК от 27 февраля 2015 года № 4-1/168 "Об утверждении Правил
субсидирования стоимости затрат на закладку и выращивание (в том числе восстановление) многолетних насаждений плодово-ягодных культур и винограда".
Обращаться в Местные исполнительные органы (МИО).
Қаржылық сауықтыру 2014 жылғы 1 қантарға дейін пайда болған кредиттік/кредиторлық және лизингтік міндеттемелерін қайта құрылымдау және қайта қаржыландыруды көздейді.  Қарыз алушылардың кредиттік және лизингтік міндеттемелері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау оны теңгеде жылдық 7 (жеті) %-ға және шетелдік валютада 5 (бес) %-ға төмендету арқылы жүзеге асырылады, қайтару мерзімін 9 жылға дейін ұзартады.  
"Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 9-1/320 бұйрығы. 
Толықтай мәлімет алу үшін кредит ресімделген екінші деңгейлі банктер мен кредиттік-лизингтік компанияларға хабарласуға болады.  
Кредиттік және лизингтік шарттар бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау оны теңгемен жылдық 7 - 10 %-ға және шетелдік валютамен жылдық 5 -7 %-ға төмендету жолымен жүзеге асырылады.
"Кредиттер, сондай-ақ технологиялық жабдықтың және ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" ҚР АШМ 2014 жылдың 25 қарашасындағы №9-1/613 бұйрығы.
Толықтай мәлімет алу үшін кредит ресімделген екінші деңгейлі банктер мен кредиттік-лизингтік компанияларға хабарласуға болады.  
Инвестициялық субсидиялар инвестициялық жоба шеңберінде пайдалануға берілген объектілер, бұрын пайдаланылмағаеһн, жаңадан сатып алынған техника мен жабдықтар бойынша төленеді. Әрбір инвестициялық жоба бойынша инвестициялық субсидия көлемі нақты жүргізілген инвестициялық салыным сомаларының үлесі түрінде айқындалады.
"Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстарының бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 сәуірдегі № 421 қаулысы".
Обращаться в областные представительства АО "Казагромаркетинг".
Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру Агентке сақтандырушы мен өзара сақтандыру қоғамдарына қолайсыз табиғат құбылысы салдарынан туындаған жағдайлар бойынша 50% дейін  сақтандыру төлемдерін өтеу үшін бюджеттік қаражатты бөлу арқылы жүзеге асырылады.  
"Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы N 533 Заңы
Сақтандыру компаниялары мен өзара сақтандыру қоғамдарына жүгіне аласыз. 
Займдарды сақтандыру мен кепілдендіру 
Бұрын алынған кредиттер бойынша кепілдік/сақтандыру сыйлықақысы бойынша комиссияның бір бөлігін субсидиялауға жол берілмейді.Субсидиялауға сыйақы мөлшерлемесі теңгемен жылдық 14 (он төрт) пайыздан аспайтын кредиттерді кепілдендіру мен сақтандыру жатады.
Кепілдендіру кредит сомасының 100 (жүз) пайызына дейін жүзеге асырылуы мүмкін, бұл ретте кредит сомасының 50 (елу) пайызына есептелген комиссия субсидиялауға жатады.
Кредитті кепілдендіру кезінде 50 (елу) пайыз мөлшеріндегі кепілдік бойынша комиссия субсидияланады, бұл ретте субсидияның ең жоғары көлемі кепілдік көлемінің субсидияланатын бөлігінің 3 (үш) пайызынан аспауы тиіс.
Сақтандыру сомасы кредит сомасының 50 (елу) пайызынан аспауы тиіс.
Кредитті сақтандыру кезінде сақтандыру сыйлықақысы құнының 50 (елу) пайызы мөлшерінде жүзеге асырылады.
Сақтандыру сыйлықақысы сақтандыру сомасының 20 (жиырма) пайызы мөлшерінен аспауы тиіс.
Кепілдік/сақтандыру сыйлықақысы бойынша комиссияның қалған бөлігін, егер кепілдендіру/сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, қарыз алушы өзі және бір рет кепіл берушіге/сақтандыру ұйымына төлейді.
Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 тамыздағы № 900 қаулысы.
Обращаться в областные представительства АО "Казагромаркетинг".
АӨК субьектілерін өтеусіз негізде ақпараттық қызметпен қамтамасыз ету:
-  "КАИ"АҚ негізінде Білім тарату орталығында  ғылыми-тәжірибелік семинарларды өткізу;
- ААКО арқылы ақпараттық-маркетингтік, анықтамалық және бағалық ақпаратты ұсыну  
Мамандандырылған ұйымдардың агроөнеркәсiптiк кешен субъектiлерiне өтеусiз негiзде беруiне жататын ақпарат пен қызметтердiң тiзбесiн бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2013 жылғы 4 сәуірдегі № 10-1/150 бұйрығы.
"Казагромаркетинг" АҚ аудандардағы ауылдық ақпараттық-консультациялық орталықтарына хабарласа аласыздар.
Единая Программа поддержки и развития бизнеса «Дорожная карта бизнеса — 2020»
Орта және шағын кәсіпкерлік субьектілерін несиелендіру 
Сыйақысының жылдық ставкасы  - 6-14%.
Нысаналы мақсаты: қолданыстағы несиелерді қайта қаржыландыру, инвестициялық мақсат, айналымдағы қаражатын толтыру, жаңа жабдықтар сатып алу және негізгі құрал-жабдықтарды жетілдіру, өндірісті кеңейту.
Мерзімі:  120 айға дейін.
Несиелендіру бағдарламасына орай екінші деңгейлі банктерге жүгінуге болады.   
Лизингтік мәмілені қаржыландыру. Шағын және орта кәсіпкерліктің лизингтік мәмілелерін (ШОК) кейіннен несиелендіру үшін «Даму» Қорының қаржысын банктерге және лизингтк компанияларға келісімді орналастыру бағдарламалары. 
Номинальдық ставкасы -  8-14% артық емес.
Лизинг мерзімі - 84 айға дейін.
Қаржыландыру лимиті - 60 мың АЕК - 150 млн. теңге.
Аванс мөлшері - кемінде 20%.
ЕДБ /ЛК өтініш беру.
Инновациялық бизнес-идеяларға гранттар.
Мемлекеттік гранттар   экономиканың басымды секторларында және қайта өңдеу өнеркәсібінің салаларында жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін шағын кәсіпкерлік субьектілеріне, соның ішінде, ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлерге,  әйелдерге, мүгедектерге және 50 жастан асқан адамдарға   өтеусіз және қайтьарымсыз негізде беріледі.  Моноқалаларда, шағын қалаларда және ауылдық елді мекендерде гранттар салалық шектеусіз беріледі. 
Бір кәсіпкерге берілетін гранттың ең жоғары мөлшері  — 3 млн теңге.
Грантты қандай мақсатқа алуға болады?
- негізгі қор мен материалдарды сатып алуға;
- технологияны сатып алуға;
- материалдық емес активтерді сатып алу;
- франшиза құқығын сатып алуға.
! Грант қаражаты жылжымайтын мүлік, жер телімін сатып алуға және жалдама үшін төлемақы жасауға пайдаланылмайды.
Грант берілу үшін кәсіпкер Қазақстан Республикасы кәсіпкерлерінің ұлттық палатасының (www.palata.kz) «Бизнес-Кеңесші» жобасының курсын тәмамдап, сонымен қатар жобаларды гранттың ұсынылған көлемінен ең кемі 10% өз қаражатымен бірлесіп қаржыландыруы міндетті шарт болып табылады.
Грант беру тәртібі: 1) Кәсіпкер мемлекеттік грант алу үшін бір ғана бизнес-жобамен іріктеу байқауына қатыса алады. Конкурсты жергілікті әкімшіліктердегі бағдарламаны өңірлік үйлестіруші өткізеді.   2) Кәсіпкерлер өтініші грант беру бойынша ақырғы шешім қабылданатын Өңірлік Үйлестіру Кеңесі (ӨҮК) отырысында талқыға салынады.
Оқып-үйрету курсын тәмамдау үшін   КҰП және грант алуға өтініш беру үшін "Даму"  қорының ҚР облыстарының орталықтарындағы және Астана мен Алматы қалаларындағы өңірлік филиалдарына хабарласа аласыз.
Пайыздық мөлшерлемені субсидиялау
Несие қандай мақсаттарға көзделуі тиіс?
жаңа инновациялық жобаларды жүзеге асыруға;
айналым қаражатын толықтыруға, бірақ несие сомасынан 30% көп емес;
негізгі қорды сатып алуға және/немесе жаңалауға және/немесе өндірісті кеңейтуге.
Субсидиялау 12 айдан ерте емес ӨҮК ұйғарым шығаруына берілген тек жаңа несиелерге/лизингтік шарттарға беріледі;
несиенің/лизингтік мәміленің сомасы - 4,5 млрд. теңгеге дейін;
субсидиялау мөлшерлері – экономиканың басым секторларындағы жобалар үшін 7%;
моноқалалар, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендердегі салалық шектеусіз жобалар үшін 10%;
өңдеу өнеркәсібіндегі басым салалардың жобалары үшін 10%;
Даму банкінің валюталық/ «теңгелік» несиелері үшін (толық шарттарды төменнен қараңыз) 4% және 5%.
несиені субсидиялаудың/лизингтік мәміленің мерзімі - 3 жылға дейін (6 жылға дейін ұзарту мүмкіндігімен).
Толықтай мәліметтерді "Даму" қорының ҚР облыс орталықтарындағы өңірлік филиалдары мен Алматы, Астана қ.қ. немесе өтініш мақұлданғаннан соң  субьектінің тіркелген жеріндегі  аудандағы КҚО алуға болады.
Жеке кәсіпкерліктің Бағдарламаға қатысушы екінші деңгейлі банктер алдындағы кредиттік міндеттемелері бойынша "Даму" қорының кепілдіктері (кепілдікті қамтамасыз ету).  
Бизнес салалары: «БЖК-2020» Бірыңғай бағдарламасының басым салалары немесе МИИДБ аясындағы өңдеу өнеркәсібінің басым салалары;  Ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлер  және ауылдық елді мекендер, моно және шағын қалалардағы кәсіпкерлер үшін салалық шектеусіз. 
Қарыз алушыға қойылатын қаржылық талаптар:  Өзге несиелер мен лизингтік мәмілелер бойынша ағымдағы қарыздарының жоқтығы. Салық, зейнетақы жарнасы және бюджетке әлеуметтік аударымдар (10 АЕК көп емес берешекке рұқсат етіледі) бойынша қарызының жоқ болуы. Алған кепілдік түрлерінің шарттарына сәйкес кәсіпкердің жобаға өзіндік қатысуы.
Қордың комиссиясы (Кепілдік мерзіміне байланысты):  2 жылға дейінгіні қоса санағанда — Кепілдік сомасынан 0,05%. 2 жылдан асса — Кепілдік сомасынан 0,1%.
! Қаржылық агенттің шешімімен кепілдеме берудің айрықша шарттары ұсынылуы мүмкін: қосымша кепілзаттың ұсынылуы, кепілзатты сақтандыру, жеке кепілдіктер беру және т.б.
Толықтай мәліметтерді "Даму" қорының ҚР облыс орталықтарындағы өңірлік филиалдары мен Алматы, Астана қ.қ. немесе өтініш мақұлданғаннан соң  субьектінің тіркелген жеріндегі  аудандағы КҚО алуға болады.
Оқыту
Іскери байланыстар.
Мақсаты: Халықаралық және шетелдік ұйымдардың қолдау көрсетуімен шетелдік әріптестерімен іскери байланыс орнату арқылы ШОБ субьектілеріне қолдау көрсету.
Экономиканың басымды салаларында жұмыс істеуші жоғары және орта санаттағы жетекшілерге ұсынылады.
Тренингке қатысушылар тренинг өткізілетін орынға дейінгі көлік шығындары мен тұрғын -жай орындарының шығынын өздері төлейді. 
Қатысушы Қазақстаннан ұшып бару және кері қайту шығындарын, сонымен қатар, тұрғын -жай орындарының шығынын ТӨЛЕМЕЙДІ.  
Шағын және орта бизнестің топ-менеджерлерін Назарбаев Университетінде оқыту.
Мақсаты:   «Назарбаев Университеті» ДБҰ Жоғары мектебі базасында «Бізнестің жол картасы 2020» бизнесті дамыту мен қолдаудың Бірыңғай бағдарламасы аясында шетелдік оқыту орталықтарын тартумен табысты бизнесті құрудың жаңа модельдерін енгізуге, жұмыс істеп тұрған кәсіпорынды тиімді басқарудағы машықтарды дамыту мен стратегиялық және тактикалық бизнес міндеттерді шешуге бағытталған.
Экономиканың басым секторларында әрекет етіп жүрген шағын және орта бизнес кәсіпорнының жоғары және орта буын басшылары қатыса алады;
Компонент қатысушылары оқу өтетен жерге барып-қайту жолақысын, сонымен қатар оқу кезеңіндегі жатын жайға өздері төлейді;
Оқу бойынша қатысушылардың шығыны республикалық бюджет есебінен төленеді.
Консалтинг
Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары   - бұл тегін негізде бизнесті жүргізудегі өзекті мәселелер бойынша оқытулар, шеберлік сабақтары мен семинарларды «бір терезе» қағидатымен  ұсынылатын консалтингтік қызметтердің толық топтамасы, бизнес жүргізудің өзекті мәселелері бойынша шеберлік класстары мен семинарлар.
- мемлекеттік қолдау түрлері мен құралдары бойынша консалтинг;
- міндетті түрде сертификаттай отырып, оқыту және біліктілігін арттыру;
- серіктестік ұйымдардың консультациялары.
Аға сеньорлар
Сізге сіздің ісіңіздің аясынан тәжірибелі, бұған қоса сізге бәсекелес бола алмайтын сарапшы-практик қажет пе? Басқарудың жаңа әдістерін, өндіріске технология, жабдық енгізу мен қызметкерлерді оқыту  мәселелері бойынша жоғары білікті шетелдік мамандарды тарту. 
Жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлікті жүргізуге сервистік қолдау көрсету  құралы. Мақсаты- кәсіпорын тиімділігін арттыру мақсатында басқару жүйесін жетілдіруге және әртүрлі мамандандырылған қызметтегі жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлерге бизнес үдерісті қолдау бойынша кеңес беру.  
"Даму" кәсіпкерлік дамыту қорының Астана, Алматы, Семей, Түркістан қ.қ., сонымен қатар, барлық облыс орталықтарындағы   КҚКО хабарласа аласыз. Барлық моноқалаларда, шағын қалалар мен аудан орталықтарында кәсіпкерлер және кәсіпкерлікке бейім адамдар үшін Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары ашылған.