Ақ халатты роботтар немесе онлайн емделу
Астана экономикалық форумы аясында «Интеллект дәрігерлердің орнына немесе ұзақ өмір сүру экономиканың жаңа саласы ретінде» панельдік сессиясында шетелдік сарапшылар мен Денсаулық сақтау министрі медицинада цифрландыруды дамыту перспективаларын талқылады.
Цирфландыру болашағы – бұл адамдар келіп, дәрігерге бару орнына өздерінің денсаулығының жай-күйін бағалауға мүмкіндік беретін роботты көріп, дәрі-дәрмектер туралы кеңес ала алуы, дәріні қажет жағдайда ғана сатып алуы, денсаулығы туралы кеңес тыңдауы.
Интернеттегі сауда-саттық арқылы адамдар туралы көпетеген мәліметтер алуға болады, машина адамның ауру тарихын және электронды жазбаларын талдай алады, оның не сатып алатынын, мінез-құлқы және өз денсаулығын нығайтуға ынтасын білуге болады.
