Мазмұнға өту
Обложка сообщества Мемлекет

5 әлеуметтік бастама. Салықтық жүктемесі төмендейтін Алматы тұрғын саны анықталды

Президенттің "5 әлеуметтік бастама" бағдарламасындағы екінші бастамасы жалақысы төмен азаматтардың салықтың жүктемесін азайтуға бағатталған. Бастаманы іске асыру барысында бұл категорияға жататын Алматы тұрғындарының саны анықталды.

2018 жылы 5 наурызда Елбасы қазақстандықтардың дәулетін жақсартатын 5 әлеуметтік бастама ұсынды. Екінші бастамаға сәйкес 2019 жылдың 1 қаңтарынан жалақысы 25 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен төмен қызметкерлер үшін табыс салығы 10 есе азайтылады.

Бұл шарадан босатылатын қаржы олардың еңбекақысын көтеруге бағытталады. Нәтижесінде жалдамалы жұмыскерлердің жалақысы жұмыс берушіге жүктеме салмай көтеріледі. Осылай, осы санаттағы азаматтардың жалақысы 2545 теңгеден 5400 теңгеге дейін өседі.

Бүгінгі күні 25 айлық есептік көрсеткіш немесе 60 мың теңгеден төмен жалақы алатын Алматы тұрғындарының саны - 205 мың адам.

Алматы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы айтуынша, осы санаттағы халықтың көбісі сату саласында жұмыс істейді. Бұл жалпы жалақысы төмен жұмыскерлердің 23% құрайды, яғни 46,5 мың адам. 11% немесе 44 мың адам - ол білім беру мен әкімшілік қызмет саласында жұмыс істейтіндер, 6,2% немесе 12,6 мың адам денсаулық сақтау мен әлеуметтік қызмет көрсетеді, 5% немесе 28,6 мың тұрғын - өңдеуші өнеркәсіп, ғылыми және техникалық, тұрғын үй мен тамақтану салаларының жұмысшылары.

Сонымен қатар, жалақысы төмен жүмысшыларының жалпы санынан 46 мың адамы - жеке кәсіпкерлер. Оның ішінде көмек 73,3 мың құрылыс, көлік, ауыл шарушылық, электрмен жабдықтау мен сақтандыру қызметі салаларының жұмысшыларына көрсетіледі.

Қазіргі кезде жалақысы төмен жұмыскерлерге салық салудың қолайлы жолы белгіленді. Осылай, салық салынатын табыс 90%-ға кемітіліп, қалған жалақыға 10% салық салынады. Яғни, салық жүктемесі 10 есе азаяды.

Алматы қаласында екінші бастаманы іске асыру 2019 жылдың 1 қаңтарында басталады.

0
0
735

Осы тақырып бойынша

5 әлеуметтік бастама. Салықтық жүктемесі төмендейтін Алматы тұрғын саны анықталды - Yvision.kz