5 қазан күні мемлекеттік «Серпін» бағдарламасымен оқып жатқан студеттермен кездесу өтті
200-ге жақын студенттер кездесу барысында еңбек ресурстарының мобильділігін арттыру, 2017 – 2021 жылдар аралығындағы жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы жайында; «Дипломмен ауылға» бағдарламасының шарттары жөнінде; Жергілікті полиция қызметіне қабылдау шарттары, сондай-ақ бос орындар тізімін қарау туралы; Жастар бастамаларын дамыту орталығының қызметімен таныстыру жайында ақпарат алды.
Оған қоса тұрғын үй құрылыс жинақ баныкынен келген өкіл жастарға қазірден бастап тегін жинақ шотын ашуға болатынын ескере кетіп, үй мəселесі адам өміріндегі ең маңызды роль атқаратынына баса назар аударды.



Кездесу басындар студенттер əр түрлі сұрақтар қойды. Олардың ішінде "Дипломмен ауылға" бағдарламасымен орта - арнайы біліммен жұмысқа орналасуға бола ма? Жергілікті полиция қызметіне қалай жұмысұа тұруға болады жəне қандай құжаттар керек? Тұрғын үй қызырыс жинақ банкінде жинақ ашқаннан кейін ол тек осы (Павлодар) аймағында ғана жарамды ма?" - сынды сұрақтарға тұщымды жауап ала алды деп ойлаймыз.
Кездесудің екінші бөлігінде серпіндіктер Жастар орталығының əр қызметкеріне тікелей жақындап көкейінде жүрген сұрақтарға жауап алуына мүмкіндік берілді. Студенттердің басым бөлігі жоғарыда айтылған тұрғын үй мəселелеріне көңіл аударды. Еріктілер қатарына жазылып, орталықтың тіршілігімен етене танысты.
Жергілікті полиция қызметіне қабылдау жөнінде қосымша ақпарат білгісі келген студенттер аз болған жоқ. Бір өкініштісі бұл жұмысқа оқуын тəмамдағаннан кейін ғана алытанын олар қапалана қабылдады. Жастардың мұндай жалыны жаныңды жадырататыны шын. Алайда бұл қызметтің ауырлығы мен маңыздылығын да естен шығармаған жөн. Сондықтан болашақта ЖОО түлектері бұл абыройлы міндетті асқақтықпен орындауға асығады деген үміттеміз.
Осы жерде естеріңізге сала кеткенді жөн деп білеміз жергілікті полиция қызметіне қабылдау орта, орта-арнайы, жоғарғы біліммен де алына береді. Егер сізді бұл сұрақтар қызықтыратын болса бізге хабарласыңыз.
Біз, серпіндік студенттерді қызықтыра алдық деп ойлаймыз. Себебі: бүгін презентациясы өткелі жатқан С корпусында орналасқан клубтарға да қызығушылығын білдірген жастар болды.
Оның ішінде журналистикамен айналысатын талапты жастар "Аманат" əдеби - интеллектуалды клубына, тіл үйренгісі келген жастар тіл үйірмелеріне жазылды.
Серпіндік студенттермен кездесу шарасының модераторы Павлодар ауданы Жастар бастамаларын дамыту орталығының басшысы Ғабит Хафиз берілген ақпаратты студенттердің санасына түсінікті болатындай дəрежеде жеткізіп отырды. Ендігі кезекте серпіндіктер алған ақпаратты оңтайлы пайдаланып, іске асырады деген ойдамыз.
