29 жалған рұқсаттама берген инспекторға қатысты шыққан үкім өзгертілді
Бүгін Алматы облыстық сотының кассациялық сот алқасы ҚР Қылмыстық кодексінің 307-бабының 2-бөлігі, 314-бабының 2-бөлігі, 177-бабы 2-бөлігінің «б» тармағы, 325-бабының 2-бөлігі бойынша сотталған, Қапшағай қаласы ішкі істер бөлімінің лицензиялық-рұқсат жүйесінің инспекторы Н.Николаевқа қатысты ретінде қылмыстық іс қаралды. Ол атыс қаруын және газды-травматикалық қаруды сақтауға және алып жүруге заңсыз 29 жалған рұқсат қағазын берген. Іс бойынша талқылау барысында барлық жалған рұқсаттардың күші жойылып, қарулар қайтарылды.
http://sud.gov.kz/kaz/news/29-zhalgan-ruksattama-bergen-inspektorga-katysty-shykkan-ukim-ozgertildi

