"2020-2021 жылдарға арналған жұмыспен қамтудың жол картасы" бойынша жол құрылысына бақылау.
"Nur Otan" партиясы Маңғыстау аудандық филиалы "2020-2021 жылдарға арналған жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасы аясында Сайөтес ауылындағы "Толыбай" ықшам ауданына салынып жатқан жол құрылысына бақылау жасады.
Құрылыс мердігері – "Ақжолқұрылыс" ЖШС-і. Қазіргі таңда автокөлік жолына жиек тастар орнату жұмыстары аяқталып, жаяу жүргіншілер жолына, автокөлік жолына асфальт жабынын төсеу жұмыстары жүргізілуде.
