ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

2017 жылдың ақпан айында шетелдік азаматтарға Қазақстанда жұмыс істеу үшін 2 мыңнан астам рұқсат берілді

2017 жылдың ақпан айында, жергілікті атқарушы органдар тарапы, 476 жұмыс берушіге шетелдік жұмыс күшін тарту мақсатында 2063 рұқсат беріп, олар 436,9 млн теңге көлемінде салық төлемін жасады.

Рұқсат беру бойынша мемлекеттік қызмет, тікелей жергілікті атқарушы органдармен қоса, «электрондық үкімет» порталының «бірыңғай терезе» әдісі арқылы да жүзеге асырылады.

Еске сала кетсек, 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап, Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартудың жаңа жеңілдетілген тәртібінің енгізілуіне байланысты жұмыс рұқсаттарын беру мерзімі қысқартылды және жұмыс берушілерге қатысты әкімшілік талаптар алынып тасталды.

Бұл ерекше шарттардың орнына жұмыс беруші жергілікті бюджетке төлейтін жаңа салық алымы енгізілді. Алым мөлшерлемесі шетелдік жұмыс күшінің санаты мен саласына қарай 137 АЕК-ден 250 АЕК-ге дейінгі шамада белгіленеді, бұл  290 мың мен 530 мың теңге аралығы.

Аталған ретте жұмыс берушілерге қойылатын кадрларға жергілікті қамтылым жөніндегі шарттарды сақтау талаптары өзгермейді, яғни басшылар мен олардың орынбасарлары бойынша кемінде – 70%, мамандар мен білікті жұмысшылар бойынша кемінде – 90%.