2015 жылы 3 ақпанда Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінде селекторлық кеңес өтті
Кеңес орталық аппарат қызметкерлерінің, аумақтық департаменттер, санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталықтары басшыларының және өңірлердің бас санитариялық дәрігерлерінің қатысуымен өтті.
Селекторлық кеңесте саниариялық-гигиеналық бақылау және қадағалау, өнімнің қауіпсіздігіне мониторингті жүзеге асыру (камералдық бақылау алгоритмі, іріктеу және санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу), халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығысаласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді жетілдіру және 2015 жылы тексерулердің жаңа түрлеріне көшу мәселелері қаралды.
Кеңес қорытындылары бойынша аумақтық органдарға бірқатар тапсырмалар, оның ішінде топтық улану пайда болған кезінде іс-қимылдар алгоритмін нақты орындау, кәсіпорындарда ХАССП жүйесін әзірлеу және енгізу тәртібіне бизнес-операторларды, мүдделі органдар мен ұйымдардың мамандарын оқыту бойынша жұмысты ұйымдастыру, әкімшілік құқық бұзушылық туралы құжаттарды сотқа жіберген кезінде дәлелдеу материалдардың толықтығын бақылау қажеттілігі және басқалары туралы тапсырмалар берілді.
