«2015 жылдың 5 қарашадағы жағдайы бойынша 2014-2016 жылдарға арналған жекешелендірудің Кешенді жоспарын жүзеге асыру туралы ақпарат
2014 - 2015 жылдарға арналған сату кестесіне сәйкес сатуға 821 объекті жоспарланған. 2014 жылдың маусым - 2015 жылдың қаорашадағы кезеңінде 437 объекті жекешелендіруге жатады. 2015 жылдың 5 қарашадағы жағдайы бойынша іс жүзінде саудаға 393 объекті шығарылды, оның ішінде 216 объекті сатылды, республикалық меншік бойынша - 11, коммуналдық меншік бойынша - 99, ӘКК - 59, холдингтер бойынша - 47.
Сонымен, қаражат келесі түрде таратылды: республикалық бюджетке 3 328 млн. теңге, облыстық бюджеттерге 2 769 млн. теңгеден астам, Холдингтер 61 703 млн теңге, ӘКК 2 956 млн. теңге.
Республикалық меншік бойынша
Барлығы 2014-2015 жылдарға арналған сату Кестесі бойынша 37 объекті жекешелендіруге жатады. 2014 жылдың маусым - 2015 жылдың қарашадағы кезеңінде іс жүзінде сатуға 22 объекті жоспарланған. Ағымдағы жылдың 5 қарашадағы жағдайы бойынша сауда-саттыққа 22 объекті шығарылды, оның ішінде 11 объекті сатылды.
Коммуналдық меншік бойынша
Барлығы 2014 - 2015 жылдарға арналған сату Кестесі бойынша 487 объектінің сатылуы белгіленді. 2014 жылдың маусым - 2015 жылдың қарашадағы кезеңінде 225 объекті жекешелендіруге жатады. Іс жүзінде 5 қарашадағы жағдайы бойынша 201 объекті шығарылды, соның ішінде 99 объекті сатылды.
Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпарациялар бойынша
Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпарациялар бойынша 2014 - 2015 жылдарда сату Кесте бойынша сатуға 170 объекті белгіленді. 2014 жылдың маусым - 2015 жылдың қарашадағы кезеңінде 102 объекті жекешелендіруге жатады. Іс жүзінде 82 объекті сатуға қойылды, 59 объекті сатылды.
Ұлттық компаниялар мен холдингтер бойынша
2014 - 2015 жж. арналған сату Кестесі бойынша 127 объекті жекешелендіруге жатады, 5 қарашадағы жағдайы бойынша жоспарланған 88 объектінің 88 объектісі сауда - саттыққа шығарылды, оның ішінде 47 объект сатылды.
