Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

2015 жылдың 29 маусымдағы жағдайы бойынша 2014-2016 жылдарға арналған жекешелендірудің Кешенді жоспарын жүзеге асыру туралы ақпарат

2014-2015 жылдарға арналған сату кестесіне сәйкес сатуға 495 объекті жоспарланған. 2014 жылдың маусым – 2015 жылдың маусымдағы кезеңінде 347 объекті жекешелендіруге жатады.

 

2015 жылдың 29 маусымдағы жағдайы бойынша іс жүзінде саудаға 325 объект шығарылды, оның ішінде 176 объекті сатылды, республикалық меншік бойынша – 8, коммуналдық меншік бойынша – 75, ӘКК – 53, холдингтер бойынша – 40.

Сонымен, қаражат келесі түрде таратылды: республикалық бюджетке 860 млн. теңге, облыстық бюджеттерге 820 млн. теңгеден астам, Холдингтер 58 317 млн теңге, ӘКК 2 917 млн. теңге.

Республикалық меншік бойынша

Барлығы 2014-2015 жылдарға арналған сату Кестесі бойынша 34 объекті жекешелендіруге жатады. 2014 жылдың маусым – 2015 жылдың маусымдағы кезеңінде іс жүзінде сатуға 19 объекті жоспарланған. Ағымдағы жылдың 29 маусымдағы жағдайы бойынша сауда-саттыққа 19 объекті шығарылды, оның ішінде 8 объекті сатылды.

Коммуналдық меншік бойынша

Барлығы 2014-2015 жылдарға арналған сату Кестесі бойынша 244 объектінің сатылуы белгіленді. 2014 жылдың маусым – 2015 жылдың маусымдағы кезеңінде 163 объекті жекешелендіруге жатады. Іс жүзінде 29 маусымдағы жағдайы бойынша 155 объекті шығарылды, соның ішінде 75 объекті сатылды.

Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпарациялар бойынша

Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпарациялар бойынша 2014-2015 жылдарда сату Кесте бойынша сатуға 110 объекті белгіленді. 2014 жылдың маусым – 2015 жылдың маусымдағы кезеңінде 87 объекті жекешелендіруге жатады. Іс жүзінде 76 объекті сатуға қойылды, 53 объекті сатылды.

Ұлттық компаниялар мен холдингтер бойынша

2014 – 2015 жж. арналған сату Кестесі бойынша 107 объекті жекешелендіруге жатады, 29 маусымдағы жағдайы бойынша жоспарланған 78 объектінің 75 объектісі сауда-саттыққа шығарылды, оның ішінде 40 объекті сатылды.

0
0
251

Осы тақырып бойынша

2015 жылдың 29 маусымдағы жағдайы бойынша 2014-2016 жылдарға арналған жекешелендірудің Кешенді жоспарын жүзеге асыру туралы ақпарат - Yvision.kz