|
2015 жылдың 21 қыркүйектегі жағдайы бойынша іс жүзінде саудаға 379 объекті шығарылды, оның ішінде 205 объекті сатылды, республикалық меншік бойынша - 10, коммуналдық меншік бойынша - 92, ӘКК - 58, холдингтер бойынша - 45.
Сонымен, қаражат келесі түрде таратылды: республикалық бюджетке 2 730 млн. теңге, облыстық бюджеттерге 1 355 млн. теңгеден астам, Холдингтер 60 850 млн теңге, ӘКК 2 919 млн. теңге.
Республикалық меншік бойынша
Барлығы 2014-2015 жылдарға арналған сату Кестесі бойынша 34 объекті жекешелендіруге жатады. 2014 жылдың маусым - 2015 жылдың қыркүйектегі кезеңінде іс жүзінде сатуға 21 объекті жоспарланған. Ағымдағы жылдың 21 қыркүйектегі жағдайы бойынша сауда-саттыққа 21 объекті шығарылды, оның ішінде 10 объекті сатылды.
Коммуналдық меншік бойынша
Барлығы 2014 - 2015 жылдарға арналған сату Кестесі бойынша 240 объектінің сатылуы белгіленді. 2014 жылдың маусым - 2015 жылдың қыркүйектегі кезеңінде 202 объекті жекешелендіруге жатады. Іс жүзінде 21 қыркүйектегі жағдайы бойынша 193 объекті шығарылды, соның ішінде 92 объекті сатылды.
Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпарациялар бойынша
Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпарациялар бойынша 2014 - 2015 жылдарда сату Кесте бойынша сатуға 110 объекті белгіленді. 2014 жылдың маусым - 2015 жылдың қыркүйектегі кезеңінде 98 объекті жекешелендіруге жатады. Іс жүзінде 79 объекті сатуға қойылды, 58 объекті сатылды.
Ұлттық компаниялар мен холдингтер бойынша
2014 - 2015 жж. арналған сату Кестесі бойынша 107 объекті жекешелендіруге жатады, 21 қыркүйектегі жағдайы бойынша жоспарланған 86 объектінің 86 объектісі сауда - саттыққа шығарылды, оның ішінде 45 объект сатылды.
|