2015 жылдың 10 тамыздағы жағдайы бойынша 2014-2016 жылдарға арналған жекешелендірудің Кешенді жоспарын жүзеге асыру туралы ақпарат.
2014 жылдың маусым – 2015 жылдың тамыздағы кезеңінде 386 объекті жекешелендіруге жатады. 2015 жылдың 10 тамыздағы жағдайы бойынша іс жүзінде саудаға 355 объекті шығарылды, оның ішінде 191 объекті сатылды, республикалық меншік бойынша – 10, коммуналдық меншік бойынша – 83, ӘКК – 56, холдингтер бойынша – 42.
Сонымен, қаражат келесі түрде таратылды: республикалық бюджетке 2 730 млн. теңге, облыстық бюджеттерге 1 273 млн. теңгеден астам, Холдингтер 60 835 млн теңге, ӘКК 2 917 млн. теңге.
Республикалық меншік бойынша
Барлығы 2014-2015 жылдарға арналған сату Кестесі бойынша 34 объекті жекешелендіруге жатады. 2014 жылдың маусым – 2015 жылдың тамыздағы кезеңінде іс жүзінде сатуға 21 объекті жоспарланған. Ағымдағы жылдың 10 тамыздағы жағдайы бойынша сауда-саттыққа 21 объекті шығарылды, оның ішінде 10 объекті сатылды.
Коммуналдық меншік бойынша
Барлығы 2014-2015 жылдарға арналған сату Кестесі бойынша 241 объектінің сатылуы белгіленді. 2014 жылдың маусым – 2015 жылдың тамыздағы кезеңінде 194 объекті жекешелендіруге жатады. Іс жүзінде 10 тамыздағы жағдайы бойынша 181 объекті шығарылды, соның ішінде 83 объекті сатылды.
Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпарациялар бойынша
Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпарациялар бойынша 2014-2015 жылдарда сату Кесте бойынша сатуға 110 объекті белгіленді. 2014 жылдың маусым – 2015 жылдың тамыздағы кезеңінде 95 объекті жекешелендіруге жатады. Іс жүзінде 77 объекті сатуға қойылды, 56 объекті сатылды.
Ұлттық компаниялар мен холдингтер бойынша
2014 – 2015 жж. арналған сату Кестесі бойынша 107 объекті жекешелендіруге жатады, 10 тамыздағы жағдайы бойынша жоспарланған 76 объектінің 76 объектісі сауда-саттыққа шығарылды, оның ішінде 42 объект сатылды.
